Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Дастан Сәтпаевты Англия құрамасының аңызымен салыстырды

Сарапшы, спорт журналисі
18.10.2025, 10:59

«Челси Loan Army» Х аккаунты, «Челси» клубының жалға берілген ойыншыларының өнерін жариялап отыратын парақша, «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың КПЛ-дың 25-турында «Қызылжардың» қақпасына соққан голын жоғары бағалады.

Дастан Сәтпаев. Фото: ФК "Қайрат"
Реклама
Реклама

Сәтпаев сол ойындағы жалғыз голдың авторы атанып, алматылықтарға сырт алаңда жеңіс сыйлады.

Өз жазбасында аталған ресурс жас ойыншыны Англия құрамасы мен «Ливерпуль» клубының аңызы Майкл Оуэнмен салыстырды.

«Дастан Сәтпаев тағы да гол соқты. Мен одан Майкл Оуэннің ойынындағы бір нәрсені сеземін», — деп жазды Chelsea Loan Army, Дастанның гол соққан сәтін бейнежазба ретінде жариялап.

Еске сала кетсек, 17 жастағы Дастан Сәтпаев 18 жасқа толған соң, 2026 жылы «Челси» клубына қосылуы тиіс. Қазіргі уақытта ол «Қайрат» сапында жалға алу шарты бойынша өнер көрсетіп жүр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары