Криштиану Роналдудың тағы да бір тарихи рекорды тіркелді.
Сауд Арабиясының лигасындағы "Әл-Фатехке” қарсы ойында Португалдық жұлдыз керемет гол соғып, клубтық мансабындағы голдар санын 800-ге жеткізді.Матч барысында Роналду бастапқыда пенальтиден мүлт кеткен еді. Алайда көп ұзамай өз қателігін қайсарлықпен түзеу арқылы шектен тыс әдемі гол соқты. Айып алаңынан сыртта тұрып, оң аяғымен тепкен добын қақпашы тосып үлгермеді. Голға Садио Мане тамаша паспен көмектесті.
Жоау Феликс бұл матчта хэт-трик авторы атанды. Жалпы есеп 5:1 “Әл-Насрдың” пайдасында. Тағы бір голды Франциялық шабуылшы Кингсли Коман соқты.
CR7 клубтық деңгейде 800 гол, ал жалпы мансабында — ұлттық құраманы қосқанда 949 гол соғып отыр. Яғни Португалдықтығ 1000 голдық межесіне небәрі 51 гол ғана қалды. Ол “Реал Мадридтен” кеткеннен бері 400 гол соққан.
Осылайша Португалдық жұлдызлар командаға турнир кестесінде көш басында қалуға көмектесті. “Әл-Насрдың” еншісінде қазір 15 ұпай бар.
Матчтан кейін Роналду өз Instagram парақшасында “Жетістік — кездейсоқтық емес.” атты жазба қалдырды.
Бұл сөз оның бүкіл мансабының айнасы іспетті. 20 жылдан астам уақыт бойы жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан Роналду өзінің еңбекқорлығы мен табандылығы арқылы әлем футболының шынайы символына айналды.