Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шерхан Қалмырза алаң ортасынан гол жіберіп алды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
24.10.2025, 17:25

Қазақстан Бірінші лигасының 26-турында күтпеген сәт тіркелді. «Қайрат-Жастар» қақпашысы Шерхан Қалмырза алаң ортасынан соғылған допты өткізіп алды.

offside.kz
Реклама
Реклама

Матч Алматыда өтіп, жергілікті «Қайрат-Жастар» өз алаңында астаналық «SD Family» клубын қабылдады. Кездесу қожайындардың айқын жеңісімен — 5:1 есебімен аяқталды.

Алайда ойынның 83-минутында қонақтар сапындағы Артур Дадаханов ерекше соққысымен көзге түсті. Ол алаң ортасынан тура қақпаға бағыттаған добын дәл түсіріп, қақпашының қателігін шебер пайдаланды. Осы сәт әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.

Маусым қорытындысы бойынша «Қайрат-Жастар» Бірінші лига турнир кестесінде 40 ұпаймен алтыншы орынды иеленді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары