Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Көлікті қайтарсын!» — Ресейліктер Шерхан Қалмырзаға шүйлікті

Сарапшы, спорт журналисі
24.10.2025, 22:53

«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза Қазақстан Бірінші лигасындағы матчта ерекше гол өткізіп алды. 

sports24.kz
Реклама
Реклама

Орталық сызықтан жіберілген гол

Осы жағдайға Ресейдің танымал Sport Baza Telegram-арнасы назар аударып, футболшыға қатысты әзілге толы пікір білдірді. 

Оқиға Бірінші лиганың 26-турында өткен «Қайрат-Жастар» – «SD Family» кездесуінде болды. Ойынның 83-минутында алматылықтардың қақпашысы Шерхан Қалмырза Артур Дадахановтың алаң ортасынан бағыттаған соққысынан кейін гол жіберіп алды.

«Чемпиондар лигасында «Қайраттың» қаһарманы атанған Шерхан Қалмырза Қазақстан Бірінші лигасында алаң ортасынан гол өткізіп алды. Тіпті Мбаппе де бұндайға бармаған шығар. Ал жақында «Реалмен» болған матчтан кейін қақпашыға мінсіз ойыны үшін жол талғамайтын көлік сыйлаған еді. Енді оны қайтаруға тура келе ме?” — деп жазды Sport Baza.

«Қайрат-Жастардың» ірі жеңісі

Қызық сәтке қарамастан алматылық клуб өз алаңында 5:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Бұл жеңіс «Қайрат-Жастардың» Бірінші лигадағы позициясын нығайта түсті.

Еске салсақ, Шерхан Қалмұрза жақында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде мадридтік «Реалға» қарсы керемет өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленген еді. Сол кезде демеушілер қақпашыға жол талғамайтын автокөлік сыйлаған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары