Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Маркус Рэшфорд "Барселонада" қалғысы келетінін білдірді

Сарапшы, спорт журналисі
25.10.2025, 09:38

“Барселонада” жалға ойнап жүрген Ағылшын шабуылшысы Маркус Рэшфорд өзінің болашағы туралы пікірін білдірді.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Өткен жазда ол “Манчестер Юнайтедтен” Каталондық клубқа маусым соңына дейін жалға ауысқан болатын.

Euro-football.ru хабарлауынша, Рэшфорд енді “Барселонада” тұрақты түрде қалуды қалайды. Сұхбат барысында 27 жастағы футболшы өзінің өмірінің 23 жылын “Манчестер Юнайтедке” арнағанын айтып өтті.

“Кейде өзгеріс қажет болады. Бұған дейін “Барселонаға” ауысу мүмкіндіктері болған, бірақ түрлі себептермен ол іске аспады. Енді мен осы мүмкіндікті барынша пайдаланғым келеді.” — деді Рэшфорд.

Ағымдағы маусымда Маркус Рэшфорд бас бапкер Ханс-Дитер Флик басқарған “Барселонаның” сапында 12 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 6 нәтижелі пас берген.

Осылайша Рэшфорд “Барселонада” қалу — өзінің басты мақсаты екенін ашық мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары