Реклама
Реклама

Өскеменде жаңа стадион салынады

Сарапшы, спорт журналисі
26.10.2025, 10:01

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов айтты.

Сурет: ашық дереккөздерден

Бірінші лигада үшінші орын алып, Премьерге жолдама алған “Алтай” клубының футболшыларын қабылдаған әкім алдағы уақытта Өскемен жерінде жаңа стадион тұрғызылатынын баяндады. Жаңа спорттық нысанның төбесі жабық және УЕФА-ның үшінші категориясы сай болады. Сол арқылы “Алтай” еурокубоктік кездесулер қабылдайтын мүмкіндікке ие болады. 

Айта кетейік, “Алтай” өз қарсыластарын бұған дейін 8 мың адамды сыйдыратын Восток стадионында қабылдап келді. 1963 жылы салынған спорттық нысан қазіргі футбол талаптарын қанағаттандыра алмайды. 

Реклама
Реклама