Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бельгия құрамасы Қазақстанға қарсы ойын алдында жұлдызсыз қалды

Сарапшы, спорт журналисі
27.10.2025, 22:26

«Наполи» мен Бельгия құрамасының көшбасшысы Кевин Де Брёйне ауыр жарақат алып, 2026 жылғы ӘЧ іріктеу ойынын жіберіп алуы ықтимал.

thefootballfaithful.com
Реклама
Реклама

«Наполи» жұлдызы матч кезінде жарақат алды

Бельгия құрамасының басты жұлдызы, «Наполи» жартылай қорғаушысы Кевин Де Брёйне «Интерге» қарсы өткен кездесуде жамбас бұлшықетін жарақаттап алды.

Футболшы пенальтиден гол соққан сәттен кейін қатты ауырсыну сезінген. Клубтың ресми мәліметінше, 34 жастағы ойыншының жарақаты расымен ауыр, бірақ нақты қалпына келу мерзімі жария етілмеді.

Football Italia ақпаратына сүйенсек, мұндай жарақаттан толық айығу үшін төрт айға дейін уақыт қажет болуы мүмкін.

«Наполи» А сериясында көш бастап тұр

Италия чемпионатының сегізінші турынан кейін «Наполи» турнир кестесінде бірінші орында.

Команда бас бапкері Антонио Контенің шәкірттері тең ұпай жинаған «Ромадан» тек қосымша көрсеткіштер бойынша озып тұр.

15 қараша күні Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Бельгиямен кездеседі. Бірақ соңғы мәліметтерге сәйкес, Кевин Де Брёйне бұл ойында алаңға шықпай қалуы әбден мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары