Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Италиялық гранд бас бапкерін қызметінен босатты

Сарапшы, спорт журналисі
27.10.2025, 21:57

«Ювентус» бас бапкер Игор Тудормен келісімшартты бұзғанын ресми түрде хабарлады.

tribuna.com
Реклама
Реклама

Клубтың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, хорватиялық маманмен бірге оның толық жаттықтырушылар құрамы да қызметінен босатылған.

Уақытша бас бапкердің міндетін Массимо Брамбилле атқаратын болды.

Игор Тудор туриндік «Ювентусты» 2025 жылдың 23 наурызында басқаруға келген.

Ал 13 маусымда клуб хорватиялық маманмен келісімшартты 2027 жылдың маусым айына дейін ұзартқан, әрі қосымша тағы бір жылға созу мүмкіндігі қарастырылған еді.

Биылғы А сериясы маусымының алғашқы сегіз турында «Ювентус» небәрі 12 ұпай жинап, турнир кестесінде 8-орынға тұрақтаған.

Келесі турда «кәрі сеньора» «Удинезені» қабылдайды. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары