Максим Самородов Ресей Премьер-лигасында дубль жасады
28.10.2025, 09:32
Алайда соққан голдары командасына ұпай жинауға көмектеспеді.
Максим Самородов. Фото: “Ахмат” ФК
Ресей Премьер-лигасының 13-турында «Ахмат» клубы өз алаңында «Сочиді» қабылдады. Екінші таймда алаңға шыққан Максим Самородов қос бірдей гол соқса да, команадасын жеңілістен құтқара алмады. Қонақтар өз кезегінде 4 бірдей гол салып, жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, бұл Максимның осы маусымдағы чемпионаттағы алғашқы голдары. Қос голдың арқасында отандасымыз Flashscore қосымшасы бойынша 8,8 ұпай алды, Бұл матчтағы ең үздік көрсеткіш.
Дәл қазіргі сәтте Станислав Черчесов баптайтын «Ахмат» клубы 16 ұпаймен 9-орында тұр. Ал «Сочи» командасы 8 ұпаймен 15-орынға көтерілді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама