Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Ақтөбе" капитаны: "Матчты кім сатқанын білсем, сонымен жігітше әңгімелесер едім"

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:36

«Ақтөбе» ФК капитаны Әлібек Қасым ҚПЛ-дің 25-туры аясында «Астанамен» болған ойын жайлы пікірін айтты.

Әлібек Қасым. Фото: "Ақтөбе" ФК
Реклама
Реклама

Еске сала кетесек, бұл кездесуде ақтөбеліктер 3:5 есебімен ұтылып, үлкен дау шыққан. Футболшылардың қарсыласқа әдейі есе жібергені жайында небір алып-қашпа әңгімелер жүруде. Оның ішінде капитанға қатысты да біраз күдік болған. Әлібек осы және тағы біраз дүниені ашық айтты.

"Маған жіберген голдарымыз өте біртүрлі көрінді. Содан қақпашыға өз ойымды айттым. Ал ол агрессияға берілді. Бұл жағдай маған ұнаған жоқ, сол үшін мәселені ары қарай киім ауыстыратын бөлмеде талқылауды ойладым. Қақпашыға «қазір жанжалдаспай-ақ қояйық, киім ауыстыратын бөлмеде әңгімелесеміз» дедім. Бірақ бәрібір осы ойыннан кейін екіойлы болып жүрмін. Себебі матчтан кейін небір қоңыраулар шалынды, тіпті кейбір футболшылардан күдіктеніп жатыр. Бәрібір де бұл қызық ойын болып қалды."

Әлібек аталған матчты сатуы мүмкін деген пікір туралы өз ойын айтты:

"Матчтан кейін бәрі анықталса екен деймін. Жалпы биыл кіммен командалас болғанымды, қандай адамдармен футбол ойнағанымды білгім келеді. Егер матчты біреудің сатқаны анықталса, мейлі қазақстандық, мейлі легионер болсын, онда жігітше әңгімелесеміз деп келістік", - деді Қасым «AmanVibe» ютуб-арнасының подкастында.

«Ақтөбе» ҚПЛ-2025 қортындысы бойынша 5-орын алып, еурокубоксіз қалды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары