Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Ювентус» жаңа бас бапкерін таныстырды

Сарапшы, спорт журналисі
31.10.2025, 20:36

Италияның әйгілі клубы жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды. Команданың баспасөз қызметінің мәліметінше, туриндіктер Лучано Спаллеттимен келісімшартқа қол қойды.

dynamo.kiev.ua
Реклама
Реклама

Спаллетти қайта оралды

66 жастағы бапкердің келісімшарты 2026 жылдың ортасына дейін есептелген. Клуб Спаллеттиді жылы қабылдап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі. Ол бұл лауазымда хорватиялық Игор Тудордың орнын басты. Тудор «Ювентуста» бар болғаны жеті ай жұмыс істеген еді.

Айта кетейік, Лучано Спаллетти соңғы бес ай бойы бапкерлік қызмет атқармаған. Бұған дейін ол Италия құрамасын жаттықтырған, алайда ұлттық құрамадан кеткен соң үзіліс алған болатын.

Футбол сарапшыларының пікірінше, Спаллеттидің «Ювентуске» келуі клуб үшін жаңа кезеңнің бастауы болуы мүмкін.

«Ювентустың» кестедегі жағдайы

Қазір туриндік клуб А сериясы чемпионатында сегізінші орында тұр. Команда көш бастап келе жатқан «Наполиден» алты ұпайға қалып келеді.

Ал УЕФА Чемпиондар лигасында «Ювентус» екі ұпаймен 25-орында орналасқан.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары