Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

ҚФФ Бельгиямен өтетін матчқа қатысты маңызды ақпарат жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
31.10.2025, 19:19

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Бельгиямен ойынға байланысты жаңа ақпарат таратты.

instagram/@kff.team
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынына дайындықты бастады

Ұлттық құраманың баспасөз қызметі «Астана Аренада» өткен жаттығу сәттерінен бейнежазба жариялады. Кадрларда Дастан Сәтпаев, Ғалымжан Кенжебек, Еркін Тапалов, Исламбек Қуат және басқа да ойыншылардың дайындық барысы көрсетілген.

ҚФФ Instagram парақшасында бейнежазбамен бірге қысқа жазба жариялады:

«Жігіттерді сағындыңыз ба? Жақында оқу-жаттығу жиыны басталады», — деп хабарлады федерация.

Бұл жазба жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық туғызып, алдағы матчқа деген үмітті арттырды.

Күнтізбе: Бельгия және Фарер аралдары

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы 15 қараша күні өз алаңында Бельгиямен маңызды ойын өткізеді. Одан кейін ұлттық команда 18 қарашада Фарер аралдарымен жолдастық матчта кездеседі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары