Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Ордабасы" ҚПЛ-дің үздік сұрмергендерінің біріне қызығушылық танытты

Сарапшы, спорт журналисі
31.10.2025, 14:19

«Ордабасы» бас бапкері Андрей Мартин келесі жылға команда жасақтауға кірісіп кетткен секілді.

Дәурен Жұмат.
Реклама
Реклама

Сондай-ақ, бізге келіп жеткен инсайдтық ақпаратқа сәйкес, молдовалық маман «Оқжетпес» жартылай қорғаушысы Дәурен Жұматты өз командасынан көргісі келеді. 26 жастағы футболшының ойын мәнері шымкенттік маманға қатты ұнайтын ұқсайды. Сондықтан, Мартин қазірден бастап Дәурен Жұматты «Ордабасыға» алдыруға күш салуда. Жартылай қорғаушы биыл ҚПЛ-де өте жемісті өнерімен есте қалды – 26 матч, 13 гол мен нәтижелі 3 пас. Сондай-ақ, Дәурен Қазақстан ұлттық құрама командасының жейдесінде дебюттік кездесуін өткізген болатын.

Андрей Мартин ҚПЛ-2025-ті «Ордабасымен» 7-орында аяқтады. Бұдан бөлек молдовалық маман шымкенттік клубпен Қазақстан Кубогінің финалына дейін жетіп, онда «Тобылдан» есе жіберген. Айта кетейік, маусым соңында 51 жастағы жаттықтырушы «Ордабасыдан» кетеді деген ақпараттар тараған, алайда, күні кеше Шымкент әкімі алдағы маусымда да молдовалыққа сенім артылатынын айтты.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары