Қазақстан құрамасының шабуылшысы Айбар Жақсылықов маусым соңында «Қайсар» клубымен қош айтысып, мансабын басқа командада жалғастырмақ.
24 жастағы футболшы қызылордалық команданың жетекшісі мен бапкерлер штабына жаңа ұсыныс қабылдауға ниетті екенін ресми түрде жеткізген. Бұл туралы AmanVibe Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлады.
2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында Жақсылықов керемет ойын өрнегін көрсетті.
Ол маусым барысында 8 гол соғып, бірнеше шешуші матчтарда жеңісті голдардың авторы атанды.
Айбардың тұрақты ойыны мен жоғары нәтижелілігі «Қайсардың» турнир кестесінің ортасында сақталуына үлкен үлес қосты.
Қазір Айбардың нақты қай клубқа ауысатыны белгісіз.
Алайда инсайдерлік мәліметтерге сүйенсек, оған Қазақстан Премьер-лигасының бірнеше клубы мен шетелдік командалар қызығушылық танытып отыр.
Айбар Жақсылықов бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енгізілген.