Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) «Крылья Советов» командасының бас бапкері Магомед Адиев өз қызметінен кетуі мүмкін деген сыбыстарға пікір білдірді.
Бұған дейін БАҚ-та Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищев клубқа жаңа бас бапкер іздеуді тапсырғаны туралы ақпарат тараған.
Бапкер соңғы нәтижелерге көңілі толмайтынын мойындады, бірақ өз еркімен қызметтен кетуді жоспарламайтынын айтты.
«Болашағым туралы айтар болсам, қазір ешнәрсеге сенімді емеспін. Нәтиже жоқ, сондықтан сыбыстар шығуы қалыпты нәрсе. Басшылық қандай шешім қабылдаса да, мен оны құрметпен қабылдаймын. Бірақ мен жұмыс істеуге дайынмын, отставка беруді ойламаймын. Барлығы клуб басшылығының шешіміне байланысты», — деді Магомед Адиев.
«Крылья Советов» биылғы маусымда күтпеген нәтижелер көрсетіп, РПЛ турнир кестесінің төменгі бөлігінде орналасқан.