Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Криштиану Роналду мансабын аяқтау туралы сөз қозғады

Сарапшы, спорт журналисі
03.11.2025, 09:40

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасының шабуылшысы және капитаны Криштиану Роналду спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты.

Криштиану Роналду / Фото: © Yasser Bakhsh / Stringer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
Реклама
Реклама

Әлем футболының жарық жұлдызы Сауд Арабиясы Про-Лигасы 7-турындағы «Аль-Фейх» (2:1) командасымен кездесуден кейін алдағы мақсаты жөнінде пікірін білдірді.

"Бұл — мен үшін де, бүкіл команда үшін де керемет кеш. «Аль-Наср» жеңді, мен екі гол соқтым, бұл — өте маңызды. Әрқашан спорттық салада ұзақ ойнауға тек құштарлықтың арқасында қол жеткізуге болатынын айтамын. Мен футболды жақсы сезінемін. Сондықтан спортық мансабымды жақын уақытта тоқтатпаймын. Жасыл алаңдағы өнерімді әлі де жалғастырғым келеді, - деді ол.

Португалиялық футболшы Про-Лигада жеті кездесуде 8 гол соғып үлгерді. Ол 2023 жылдан бері «Аль-Наср» сапында 84 кездесуде 82 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары