Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

"Қайраттың" 17 жастағы ойыншысы мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Сарапшы, спорт журналисі
07.11.2025, 21:09

Қазақстандық жас футболшы, "Қайрат" клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев биыл "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.

sportarena.kz
Реклама
Реклама

Жастар арасындағы ең беделді марапат

Мемлекеттік "Дарын" сыйлығы жыл сайын 35 жасқа дейінгі азаматтарға ғылым, мәдениет, спорт және қоғамдық қызмет салаларындағы ерекше жетістіктері үшін табысталады.

2025 жылы "Спорт" номинациясы бойынша марапат алғандардың қатарында:

  • Дастан Сәтпаев — "Қайрат" және Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы;
  • Аида Әбікеева — спортшы-нұсқаушы.

Лауреаттарға арнайы мемлекеттік диплом, медаль және ақшалай сыйақы тапсырылады.

Дастан Сәтпаев – қазақ футболының үміті

2008 жылы 12 тамызда дүниеге келген Дастан Сәтпаев кәсіби футболдағы жолын "Қайрат-Жастар" командасынан бастаған. 2025 жылдың ақпанында алматылық клуб оның ағылшын Премьер-лигасының "Челси" клубына 4 миллион еуроға трансфері жөнінде келісім жасағанын хабарлаған еді.

Жоспар бойынша Дастан 2026 жылдың тамыз айында, 18 жасқа толған соң, ресми түрде лондондық командаға қосылады.

17 қазан күні өткен "Қызылжармен" ойында Дастан жеңіс голын соғып, оны қайғылы жағдайда көз жұмған клуб түлегі Диас Төлеуге арнаған болатын. Бұл оқиға жанкүйерлердің жүрегіне әсер етіп, жас ойыншыға деген қолдау толқынын тудырды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары