Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Оқжетпес» көшбасшысы клубтан кетеді

Сарапшы, спорт журналисі
08.11.2025, 20:20

Көкшетаулық «Оқжетпес» клубының жартылай қорғаушысы және басты ойыншыларының бірі – Дамир Марат командадан кететін болды.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

Жаңа маусымды басқа клубта бастайды

Бұл туралы журналист Елдар Аманбаев хабарлады.

«Биылғы маусымда жарқырап көзге түскен «Оқжетпес» ойыншысы Дамир Марат келесі маусымда басқа клубтың намысын қорғайды. Біздің дереккөзге сүйенсек, футболшыға КПЛ-дің бірнеше клубы қызығушылық танытып отыр. Қазіргі таңда басты үміткерлер – «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Елімай» клубтары», – деп жазды Аманбаев өзінің Telegram-арнасында.

«Оқжетпестің» табысты маусымы

Өткен маусымда Бірінші лигада өнер көрсеткен «Оқжетпес» 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасында лайықты нәтижеге қол жеткізді.
Көкшетаулықтар 35 ұпай жинап, чемпионатты 8-орында аяқтады.

25 жастағы Дамир Марат маусым бойы тұрақты ойын өрнегін көрсетті. 25 матч өткізіп, 4 гол соғып және 1 нәтижелі пас берген.

Дамир Маратқа қызығушылық танытып отырған командалардың ішінде чемпиондыққа таласып жүрген клубтар бар. Егер келіссөздер сәтті аяқталса, ойыншы келесі маусымда елдің үздік ұжымдарының бірінде өнер көрсетуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары