Сауд Арабиясы чемпионатының сегізінші турында «Әл-Наср» сырт алаңда «Неомды» 3:1 есебімен ұтты. Бұл нәтиже клубтың қатарынан сегізінші жеңісі болып тіркелді.
Ойын тағдыры екінші таймда шешілді. 47-минутта Анжело есеп ашса, Криштиану Роналду 65-минутта пенальтиден гол соқты. Ал матчтың аяқталуына төрт минут қалғанда Жоау Феликс нүкте қойды.
«Неом» сапында Ахмед Абду бір голмен жауап қатты. Дегенмен 56-минуттан бастап алаң иелері он ойыншымен қалды. Лусиано Родригес қызыл қағаз алып, командасын қиын жағдайға түсірді.
Криштиану Роналду осы маусымда да жоғары деңгейде ойнауда. Ол әр матчта шешуші рөл атқарып, «Әл-Насрдың» жеңіс сериясын жалғастыруға үлес қосып келеді.
Қазір «Әл-Наср» 24 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр. Команда сегіз ойында сегіз рет жеңіске жетіп, 100 пайыздық нәтиже көрсетіп отыр. Ал «Неом» 13 ұпаймен жетінші сатыда орналасқан.