Реклама
Реклама

Футболдан әлем чемпионаты: Өзбекстан жеңіліске ұшырады

Сарапшы, спорт журналисі
08.11.2025, 23:34

Катарда өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында Өзбекстан жасөспірімдер құрамасы екінші ойынында Ирландиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Instagram/@uzbekistanfa

Өзбекстан жеңісті уысынан шығарып алды

Бұған дейін Парагвайды 2:1 есебімен ұтып, топ бастауға жақындаған Исламбек Исмоилов шәкірттері бұл жолы сәтсіздікке тап болды.

Ойын барысында Өзбекстан бірінші болып есеп ашқанымен, екінші таймда қарсылас қысымды күшейтіп, жеңісті өз пайдасына шешті.

Турнирдегі жағдай

Екі турдан кейін Өзбекстан құрамасы 3 ұпаймен топта екінші орынға жайғасты.

Жарыстың соңғы, шешуші матчы 11 қараша күні Панамаға қарсы өтеді. Бұл кездесу Исмоиловтың командасы үшін плей-оффқа жол ашатын басты мүмкіндік болмақ.

Реклама
Реклама