"Ақтөбе" бас бапкерімен қош айтысты
09.11.2025, 15:44
"Ақтөбе" әйелдер командасы бас бапкері Александр Семёновпен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады.
Сурет: ашық дереккөздерден
BAD FOOTBALL телеграм арнасының мәліметінше бапкердің соңғы уақытта клуб басшылығымен қарым-қатынас күрделене түскен. Белгілі болғандай, Семёнов басшылық туралы пікірін ашық айтып, кейде камера алдында сын айтудан да тартынбайтын көрінеді. Бұл жағдай клуб ішіндегі сенімге сызат түсірген.
Сонымен қатар, шешімге "Ақтөбе" әйелдер командасының барлық ойыншысы бірдей риза емес. Әсіресе, ұжымның кейбір жетекші ойыншылары бапкердің кетуіне қарсы болып, тіпті өз болашағын басқа клубтарда жалғастыруды ойластыруда.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама