Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Түркияда 600-ге жуық футболшы заңсыз бәс тігу ісі бойынша жауап береді

Сарапшы, спорт журналисі
09.11.2025, 20:02

Елдің құқық қорғау органдары соңғы жылдардағы ең көлемді спорттық жемқорлық ісін ашып отыр.

turkiyetoday.com
Реклама
Реклама

Футбол әлемін дүр сілкіндірген тергеу

Бұған дейін Түркия футбол федерациясы (TFF) тексеріс жүргізіп, 571 төрешінің 371-інде букмекерлік аккаунттар бар екенін анықтаған.

Олардың 152-сі тұрақты түрде бәс тіккен, нәтижесінде 149 бас және көмекші арбитр уақытша қызметінен шеттетілді.

Мұндай мәліметтер федерация мен қоғам тарапынан үлкен наразылық тудырды.

Интерпол мен полиция іске араласты

Оқиға Интерполдың назарын аударғаннан кейін қосымша құжаттар Түркия полициясына жолданды.

Оларда футболшылардың, бапкерлер мен клуб менеджерлерінің Албания, Болгария және Солтүстік Кипрдегі заңсыз сайттар арқылы бәс тіккені айтылады.

Бұған дейін Түркия прокуратурасы 21 адамға, соның ішінде 17 төреші мен бір клуб президентіне ордер берген.

Ыстамбұл прокуратурасының дерегінше, Стамбул мен тағы 11 провинцияда өткен таңғы рейдтер барысында кемінде 18 күдікті ұсталған.

Құжаттарда аты-жөндері көрсетілмеген арбитрлерге қатысты қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану және ойын нәтижесіне ықпал ету баптары бойынша іс қозғалған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары