Мадрид клуб Мбаппе мен Холандтан тұратын жұлдызды дуэт құруды жоспарлап отыр.
Мадридтің «Реалы» футбол әлемін дүр сілкіндіретін жаңа трансфер жоспарын дайындап жатыр. Корольдік клуб Эрлинг Холанд пен Килиан Мбаппенің бір командада ойнағанын қалайды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін тіпті Винисиус Жуниорды сатуға дайын.
Испаниялық El Gol Digital порталының хабарлауынша, «Реал Мадрид» қайтадан «Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холандқа қызығушылық танытып отыр. Норвегиялық сұрмерген айналасындағы адамдарға Испанияға көшу нұсқасын қарастырып жатқанын да айтқан.
Алайда бұл жерде маңызды бір деталь бар: Холанд Винисиус Жуниормен бір командада ойнауға қарсы. Сондықтан мадридтік клуб басшылығы бразилиялық вингерді сатудың ықтималдығын қарастырып жатыр.
Соңғы айларда Винисиус формасынан жоғалтып, алаң мен оның сыртындағы да жанжалдарға жиі қатысып жүр. Бірде төрешілермен айқайласса, енді бірде қарсыластармен текетіреске түсіп, «Реалдың» беделіне нұқсан келтіріп жүр.
«Реал Мадрид» бірнеше жылдан бері Холандты команда сапында көруді армандап келеді. Клуб бұл ойыншыға 2020 жылдан бері қызығушылық танытып жүр. Бірақ ол «Манчестер Ситиді» таңдады.
Енді мадридтіктердің мақсаты — Мбаппе мен Холандтан тұратын жаңа "галактикалық дуэт" құру. Мұндай жұп қазіргі футбол тарихындағы ең мықты және ең қымбат шабуыл шебін құрайды.