Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Самат Смақовтың болашағына қатысты тың ақпар пайда болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 09:37

Қазақстандық бапкерге Қырғыз Республикасынан ұсыныс түсті. 

sport.orda.kz
Реклама
Реклама

«Жетісудың» бас бапкері Самат Смақовқа күтпеген ұсыныс түсті. Қырғызстанның «Азиягол» (Бішкек) клубы қазақстандық маманды командаға шақыруға ниетті. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады. 

Аталған дереккөздің дерегі бойынша бішкектік «Азиягол» қазақстандық маман Самат Смақовты бас бапкер қызметіне қарастыруда. Клуб қазіргі уақытта бірнеше үміткердің кандидатурасын зерттеп жатыр, олардың қатарында Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны да бар екен. 

Айта кетейік, 2024 жылы Смақовқа тағы бір қырғыз клубы — «Мурас Юнайтед» тарапынан ұсыныс түскен. Алайда сол кезде тараптар келісімге келе алмаған болатын.

Бұдан бөлек, Самат Смақовқа ҚПЛ клубтарында функционерлік қызмет ұсынғандар да бар. Дегенмен, ел футболының символына айналған маман өзін бапкерлік бағытта дамытуды жөн көріп отыр.

Айта кетейік

Самат Смақовтың жетекшілігімен «Жетісу» 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасын 12-орында аяқтады. Команда 21 ұпай жинады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары