Реклама
Реклама

Нұралы Әліп жарақатына байланысты Бельгиямен ойынға қатыспауы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
10.11.2025, 13:19

РПЛ лигасында өткен соңғы ойында Нұралы жарақат алып, бірінші таймнан кейін алаңнан кеткен болатын.

Нұралы Әліп. Фото: ҚФФ

Қазақстан құрамасы мен «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасының 15-туры аясында өткен «Крылья Советов» командасына қарсы ойында жарақат алды.

Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Әліп ойынға негізгі құрамда шыққанымен, матчты соңына дейін жалғастыра алмады — бірінші таймнан кейін ол бір эпизодтағы жарақатына байланысты Горшковқа ауыстырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Нұралы Әліп қараша айында өтетін Қазақстан құрамасының Бельгия және Фарер аралдарына қарсы ойындарын өткізіп алуы мүмкін.

Реклама
Реклама