Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ресми: Қазақстанның тағы бір футбол клубы жеке меншікке өтті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 14:35

Петропавлда ҚПЛ клубының жаңа иесі ресми түрде анықталды — «Қызылжар» футбол клубы олигарх Сергей Канның қолына өтті.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Қалада клубтың құқықтық мирасқорлығын бекітетін келісімге қол қойылды. Бұл келісім команданың ҚФФ, ФИФА және УЕФА аясындағы жарыстардағы барлық құқықтары мен міндеттемелерінің жаңа құрылымға берілуін көздейді.

Клубтың жаңа инвесторы — кәсіпкер Сергей Кан. Ол «QYZYLJAR» футбол клубы атты жеке мекемені тіркеді. Команда өз атауын, клубтық түстерін және тауарлық белгісін сақтап қалады.

Алдыңғы иесімен келісімге сәйкес, барлық ықтимал заңдық даулар бұрынғы құқық иелерінің жауапкершілігінде қалады. Ал клуб Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп қаржыландырылатын болады. Сондай-ақ жаңа спорт базасын салу және «Қарасай» стадионын сенімгерлік басқаруға беру жоспарланған.

Клубтың жаңа бас менеджері болып бұған дейін «Қайрат», «Каспий», «Атырау» және «Тобол» клубтарында жұмыс істеген Алишер Апсалямов тағайындалды.

"Алдағы жоспарымызда Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізу бар. Бір жарым ай ішінде алдағы маусымға арналған ойын құрамын анықтаймыз. Менеджмент тарапынан қазақстандық және халықаралық нарықтағы футболшыларды мұқият талдау мен іріктеу жұмыстары жүргізіледі", — деді Апсалямов.

Айта кетейік, жаңа маусымда «QYZYLJAR» жеке инвестормен, күшейтілген құраммен және заманауи даму стратегиясын қолға алмақ.

Бұған дейін Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов елде футбол клубтарын жекешелендіру және олардың қаржыландыру жүйесін реформалау бағытында белсенді жұмыс басталғанын мәлімдеген болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары