Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

ПСЖ президенті Астанаға келді. Мақсаты не?

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:09

51 жастағы Қатар өкілі бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне арнайы барып, бірқатар ресми кездесу өткізеді деген қауесет бар. 

Forbes.ru
Реклама
Реклама

Францияның әйгілі «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубының президенті Нассер Әл-Хелайфи Астанаға келді. AmanVibe телеграм арнасының мәліметінше, 51 жастағы Қатар өкілі бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне арнайы барады. 

Сапардың мақсаты нақты айтылмағанымен, сарапшылардың пікірінше, бұл футбол саласындағы ықтимал серіктестік пен инвестициялық байланыстарды талқылауға бағытталуы мүмкін.

Спорт пен бизнес әлеміндегі ықпалды тұлға

Нассер Әл-Хелайфи — әлем спортының ең ықпалды менеджерлерінің бірі. Ол қазіргі таңда:

  • beIN Media Group және Qatar Sports Investments компанияларының төрағасы,
  • «Пари Сен-Жермен» футбол клубының президенті,
  • Қатар теннис федерациясының басшысы,
  • Азия теннис федерациясының Батыс Азия бойынша вице-президенті қызметтерін атқарады.

Айта кетейік, Әл-Хелайфи 1993–2004 жылдар аралығында кәсіби теннисші ретінде өнер көрсеткен.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары