Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Ғалымжан Кенжебекке еуропалық клуб қызығушылық танытты

Сарапшы, спорт журналисі
10.11.2025, 22:30

Қазақ футболының жас жұлдызы Ғалымжан Кенжебекке Шотландияның әйгілі «Данди Юнайтед» клубы назар аударды. 

instagram/@kenzhebek.11
Реклама
Реклама

Шотландиялық клубтың жоспары

Мәліметке сүйенсек, «Данди Юнайтед» қапталдағы шабуылшы позициясын күшейтуді жоспарлап отыр. Егер нарықта тиімді нұсқа табылса, келісімшарт жасасуы мүмкін. Сол үміткерлердің қатарында — 22 жастағы Ғалымжан Кенжебек бар.

Кенжебек биылғы маусымның екінші жартысын «Елімай» сапында өткізіп, нағыз сенсация жасады:

  • 11 ойында — 6 гол,
  • 4 нәтижелі пас,
  • командасын Қазақстан чемпионатында 4-орынға көтеруге көмектесті.

Осының арқасында «Елімай» алғаш рет Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Ұлттық құрамамен жетістіктер

Ғалымжан Кенжебек Қазақстан құрамасының тұрақты мүшесіне айналды. Оның еншісінде 9 матчта — 3 гол, алдағы Бельгия және Фарер аралдарына қарсы ойындарға да шақырылған.

Қазір Кенжебектің «Елімаймен» келісімшарты қысқа мерзімді. Сондықтан ол жақын уақытта еркін агентке айналуы мүмкін.

Оған қызығушылық танытқан клубтар тек Шотландиядан емес. Ойыншыға Португалия, Грекия және Чехия клубтары да назар аударуда.

Ғалымжан Кенжебек бұған дейін «Қайрат», «Мақтаарал», «Қайрат-Жастар», «Жеңіс», сондай-ақ шетелдік «Акритас Хлоракас» (Кипр) және «Кошице» (Словакия) клубтарында ойнаған.

«Данди Юнайтед» туралы

Шотландияның тарихи клубы «Данди Юнайтед» — ел футболының беделді өкілі. Команданың жетістіктері:

  • Шотландия чемпионы — 1982/83,
  • Кубок иегері — 1994 және 2010,
  • Лига кубогының жеңімпазы — 1979 және 1980 жылдары.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары