Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Румыниялық қорғаушы Холанд пен Винисиусты басып озды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:49

TransferRoom және Gradient Sports бірлесіп жүргізген зерттеу нәтижесінде Еуропаның үздік 5 лигасында ойнайтын футболшылар арасындағы ең жоғары жылдамдық иелері анықталды.

instagram/@andreiflorin10
Реклама
Реклама

Еуропа алаңдарындағы ең жылдам 10 футболшы белгілі болды

Тізімге әйгілі жұлдыздардан тек Эрлинг Холанд пен Винисиус Жуниор енген.

Көш басында Испанияның «Райо Вальекано» командасының қорғаушысы Андрей Рациу тұр. Ол матч кезінде 34,7 км/сағ жылдамдық көрсетіп, барлық қарсыласын артта қалдырды.

Рациу — Румыния құрамасының ойыншысы. Ол соңғы маусымда қорғаныста ғана емес, жылдам шабуылға қосылуымен де көзге түсті.

Қалған үздіктер тізімі

2–3 орындарды бірдей көрсеткішке ие футболшылар бөлісті:
Рауль Белланова (Интер) — 34,6 км/сағ
Педру Нету (Челси) — 34,6 км/сағ
Олардың ізін ала:
Джексон Тчатчуа (Вулверхэмптон) — 34,5 км/сағ
Эрлинг Холанд (Манчестер Сити) — 34,5 км/сағ
Ал үздік жетілікті:
Матиас Фернандес (Лилль) — 34,4 км/сағ
Винисиус Жуниор (Реал Мадрид) — 34,4 км/сағ
Топ-10 тізімін қорытындылағандар: 
Янкуба Минте (Брайтон) — 34,2 км/сағ
Энтони Гордон (Ньюкасл Юнайтед) — 34,2 км/сағ
Хави Руэда (Сельта) — 33,9 км/сағ

Көпшілік Холанд пен Винисиусты әлемдегі ең жылдам футболшылардың бірі деп санаса да, зерттеу қорытындысы алаңдағы басқа ойыншылардың физикалық дайындық деңгейі де жоғары екенін көрсетті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары