Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Словакия – Қазақстан жастар құрамасының матчы әсерлі камбэкке ұласты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 00:05

Қазақстан U-21 құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде топ көшбасшысы Словакия U-21 командасымен кездесті. 

instagram/@kff
Реклама
Реклама

Ерте басталған қысым және алғашқы гол

Прешов қаласындағы матчтың алғашқы минуттары өте қарқынды басталды. 2-минутта Нино Марцелли алыстан соққы жасап, доп қақпа бағанасына тиген еді. Словакия шабуылды үдете түсті, ал қазақстандық қақпашы Дулат Талыспаев бірнеше мәрте ойынға араласуға мәжбүр болды.

Бірақ қарымта шабуыл нәтижелі болып, 11-минутта Рамазан Бағдат есеп ашты.

Словакияның камбэкі

Қазақстан бірінші таймда басымдығын сақтап қалуға тырысқанымен алаң иелерінің қысымы үдей берді.

Екінші таймның басында-ақ, яғни 52-минутта Адриан Фиала айып алаңындағы қарбаласта допты қақпаға енгізіп, есепті теңестірді. 64-минутта сол Фиала тағы да көзге түсіп, баспен дәл соққы жасап, дубль авторы атанды. 

Осылайша Қазақстан U-21 құрамасы қатарынан үшінші рет жеңіліс тауып, өз тобында бесінші орында қалды. Қоржында бар болғаны 3 ұпай. Ал Словакия 13 ұпаймен топ көшін жалғастыруда.

17 қарашада Андрей Ферапонтов шәкірттері өз алаңында Молдова U-21 құрамасын қабылдайды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары