Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Өзбекстан құрамасының футболшылары телефонсыз қалды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 21:33

Өзбекстанның жасөспірімдер құрамасы (U-17) 2025 жылғы әлем біріншілігіне қызу дайындалып жатыр. Команданың оқу-жаттығу жиынында тәртіп қатаңдатылып, ойыншылар үшін бірқатар шектеу енгізілген. 

Instagram/@uzbekistanfa
Реклама
Реклама

Бас бапкердің талабы

U-17 құрамасының бас бапкері Ислом Исмоилов ойыншылардың күн тәртібін қатаң бақылауға алған. Оның шешімі бойынша футболшылардың телефондары күн сайын сағат 21:30-да жиналып алынады.

Бапкер бұл қадамды түсіндіре отырып:

"Жас футболшылар жақсы ұйықтап, ертеңгі жаттығуларға толық дайын болуы тиіс. Ал телефон — негізгі алаңдатушы факторлардың бірі", — дейді Исмоилов.

Әлем чемпионатындағы келесі қарсылас

Қазір өзбекстандық жас футболшылар U-17 әлем чемпионатының 1/16 финалындағы маңызды кездесуге дайындалып жатыр. Бұл кезеңде олар Еуропаның мықты командаларының бірі — Хорватия құрамасымен күш сынасады. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары