Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

7:0. Әлемді таңғалдырған құрамаға ӘЧ бір қадам қалды

Сарапшы, спорт журналисі
14.11.2025, 19:15

Кюрасао құрамасы ӘЧ–2026 іріктеуіндегі кезекті сенсацияны жалғастырып, В тобының көшбасына көтерілді. 

concacaf.com
Реклама
Реклама

Кюрасаоның сенсациясы

2026 жылғы әлем чемпионатының КОНКАКАФ аймағындағы іріктеуінің 5-туры Кюрасао үшін тарихи матчқа айналды. Нидерландтық маман Дик Адвокат жаттықтыратын команда Бермуд аралдарын 7:0 есебімен тас-талқан етті.

Бұл жеңіс Кюрасаоны топтың бірінші орнына шығарып, ел футболы тарихындағы алғашқы мундиаль жолдамасына жақындатты.

Әлем чемпионатына шығу үшін не істеу керек?

Енді Кюрасао құрамасына келесі турда Ямайкамен тең түсу жеткілікті. Осы нәтижемен команда тікелей әлем чемпионатына жолдама алады.

Егер Адвокат шәкірттері екінші орынға түсіп қалса, олар плей-офф кезеңінде бақ сынау құқығына ие болады.

Бес турдан кейін ұпай кестесі төмендегідей:

  1. Кюрасао — 11 ұпай
  2. Ямайка — 10 ұпай
  3. Тринидад және Тобаго — 6 ұпай
  4. Бермуд аралдары — 0 ұпай
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары