Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Нидерланд — Қазақстан матчы бес гол және бір қызыл карточкамен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:27

U-17 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 іріктеуінің екінші турында Нидерландыға 1:4 есебімен есе жіберді. 

Instagram/@kff_jastar
Реклама
Реклама

Алғашқы таймдағы Нидерландының басымдығы

Ойын басталғаннан кейін Нидерланд командасы допты бақылауды өз қолына алып, ерте есеп ашты. 9-минутта Джешурун Симеон гол соқты. Ал 26-минутта Донни ван дер Лийке жақын қашықтықтан командасының артықшылығын еселеді. Үзіліске бір минут қалғанда Мухаммед Абделла пенальтиден есепті 3:0-ге жеткізді.

Қазақстанның жалғыз голы және ойын тағдыры

Екінші таймда Қазақстан құрамасы қарымта соққы жасауға талпынды. 56-минутта Дәулет Орынбасар пенальти орындауда мүлт кетпей, есеп айырмасын қысқартты — 3:1. Алайда матч соңына қарай жағдай қиындай түсті. Орынбасар екінші ескерту алып, алаңнан қуылды.

90+5-минутта артық ойыншының көмегімен Мухаммед Абделла дубль авторы атанды 

8-топтағы жағдай қандай?

Қазақстан, Нидерланд, Хорватия және Албания құрамалары 8-топта өнер көрсетуде. Барлық матч Хорватияда өтуде.

Еске сала кетейік, алғашқы турда Қазақстан U-17 құрамасы күтпеген сенсация жасап, Хорватияны 2:1 есебімен жеңген. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары