Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына қатысуы мүмкін

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:03

Әлемдік дода Ресей елінде өтеді.

ҚФФ
Реклама
Реклама

Ресей 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтетін әлем чемпионатына жолдама ала алмаған елдер арасында балама футбол чемпионатын өткізгісі келеді. Бұл туралы «Первый спорт» telegram-арнасы мәлімдеді.

«365 Scores мәліметінше, Ресей футбол одағы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеуден өте алмаған құрамалар арасында жаңа «балама» мундиаль өткізуді жоспарлап отыр. Бұл турнир келесі жазда – Америка құрлығындағы әлем чемпионатымен қатар өтуі мүмкін. Оның басты мақсаты – ФИФА-ға қысым көрсету, сол арқылы халықаралық федерацияның санкциялардың күшін жойып, Ресей құрамасын 2030 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне қайта қосуына ықпал ету. Қатысушылар қатарында Ресей, Сербия, Грекия, Чили, Перу, Венесуэла, Нигерия, Камерун, Қытай және басқа елдер бар», – деп жазады ресейлік telegram-арна.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы J тобында іріктеу кезеңін төртінші орынмен аяқтап, 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылған еді. Талғат Байсуфинов шәкірттері соңғы матчында өз алаңында Бельгияны қабылдап, тең нәтиже тіркеді – 1:1. Осылайша ұлттық құрама іріктеуде 8 ұпай еншіледі.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары