Aladop.kz сайтының инсайдтық ақпаратына сәйкес, Дінмұхамед Қараман «Астана» сапына ауыспақ.
25 жастағы жартылай қорғаушы өткен маусымды «Жеңіс» жейдесінде өткізген. Елордалықтар қатарында ҚПЛ-де 25 матчта 4 гол мен 4 ассисттің авторы атанды. Сондай-ақ, Қазақстан кубогы жолындағы 4 ойында бір рет мергендік танытқан.
Дінмұхамед Қараманның Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 4 ойынға қатысып, бір гол салғанын да қоса кету керек (Солтүстік Македония қақпасына). Ол “Жеңіс” жейдесіндегі сенімді ойынының арқасында ұлттық команданың күздегі матчтарына шақырту алып, онда да шеберлігімен есте қалды. Футболшыға “Астанадан” басқа тағы бірқатар ұжым қызығушылық танытқан көрінеді. Олардың қатарында “Тобыл” және "Ақтөбе” болған. Бірақ футболшының өзі “Астананы” таңдаған.
Қараман клубтық мансабында «Жеңістен» басқа «Жетісу», «Тараз», «Ақсудың» намысын қорғады. Футболшы мен «Жеңістің» келісімшарты осы жылдың аяғына дейін жарамды. Нарықтық бағасы 400 мың еуро.