Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Криштиану Роналду Ақ үйде АҚШ президентімен кездесу жасады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 12:53

Португалия құрамасының және Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманның сапарына орай Ақ үйде ұйымдастырылған салтанатты кешкі асқа арнайы шақырылған қонақтардың бірі болды.

Коллаж Offside.kz
Реклама
Реклама

Ақпарат көзінің мәліметінше, Роналду АҚШ президенті Дональд Трамптың отбасымен танысқан. Америкалық көшбасшының айтуынша, оның 19 жастағы ұлы Бэррон Роналдуды көптен бері ұнатып, онымен жеке кездескеніне өте қуанышты болған.

«Бэррон мен Криштиану танысты. Әзірге Бэррон әкесін сәл көбірек құрметтейтін сияқты, себебі оларды таныстырған — мен», — деп Трамптың сөзін ESPN келтіреді.

Кешкі асқа сонымен қатар ФИФА президенті Джанни Инфантино, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос және кәсіпкер Илон Маск қатысты.

Криштиану Ақ үй ішінде селфи жасап үлгерді. Ол Дональд Трамп Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманды қабылдаған ресми кездесуге қатысты. Жиында халықаралық қатынастар мәселелері талқыланып, оған португалиялық даңқты футболшы да қатысты

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары