Әлем футболында тағы бір сенсация тіркелді.
Бар-жоғы 150 мыңға жуық халқы бар Кариб теңізіндегі шағын арал – Кюрасао ұлттық құрамасы алғаш рет футболдан Әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл — әлем чемпионатына қатысатын ең аз халық саны бар ел ретінде тіркелген тарихи оқиға болып отыр.
Кюрасао Венесуэланың солтүстік-батыс жағалауынан шамамен 60 шақырым қашықта орналасқан, аумағы 171 шаршы миль ғана – бұл Теңіздегі Мэн аралынан да кіші. Ең қызығы, олардың ұлттық құрамасы 2011 жылы ғана құрылған. Бұған дейін команда Нидерланд Антиллаларының құрамына кірген. Елде футболдан гөрі бейсбол басты спорт саналады.
Соған қарамастан, "Көк жұлдыздар" (елдің туындағы көк түске байланысты атау) барлық болжамды жоққа шығарып, әлем чемпионатына сенсациялық түрде жолдама алды. Олар іріктеудің В тобына түсіп, бірде-бір матчта жеңілмеді.
Кюрасаомен қатар ӘЧ-2026-ға тікелей шыққан екі команда:
Команда соңғы турда Ямайкамен сырт алаңда 0:0 есебімен тең түсіп, тарих жасаған сәтті ресми түрде бекітті. Жалпы іріктеу барысында Кюрасао 10 матчтың 7-еуінде жеңіске жетті. Негізгі рөлді Таит Чонг пен Бакуна бауырлары – Леандро және Жуниньо атқарды.

Ямайкаға қарсы матч алдында BBC Radio 5 Live арнасына сұхбат берген Жуниньо Бакуна:
"Бұл — ақылға сыймайтын дүние. Бірнеше жыл бұрын мұндай жетістік туралы ойлаудың өзі күлкі болар еді.” – деп әсерін жеткізді.
Шынында да, көптеген мамандар Кюрасаоның Ямайка, Тринидад және Тобаго, Бермуд аралдары сияқты Кариб аймағындағы тәжірибелі құрамалармен бір топқа түскенде, олардың мүмкіндігіне күмәнмен қараған. Алайда Дик Адвокааттың командасы барлық сынға төтеп беріп, топта жеңілмеді.
Команданы басқарып жүрген тәжірибелі жаттықтырушы Дик Адвокат келесі жылғы әлем чемпионатына қатысатын ең қарт бас бапкер болмақ — ол турнир басталғанда 78 жаста болады.