Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының 5-турындағы «Копенгагенге» қарсы ойынына билеттер сатылымының басталғанын хабарлады.
Қонақтарға арналған секторда билеттердің бағасы 27 000 теңге. Матч 26 қараша күні Копенгагендегі әйгілі «Parken Stadion» аренасында өтеді. Стадионның сыйымдылығы — 38 мың көрермен.
«Интерге» қарсы Миланда өткен сырт алаңдағы матч билеттері 7 000 теңге тұрған. Бұл бүгінгі бағаға қарағанда үш есе арзан. Ал «Қайраттың» өз алаңындағы «Пафос» және «Реалға» қарсы өткен матчтарындағы минималды билет құны 30 000 теңгеден басталған. Яғни Копенгагендегі ойын Миландағы матчтан да қымбат, бірақ Алматыдағы кейбір ойындардан арзан.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төрт турдан кейін «Қайраттың» қоржынында 1 ұпай бар. Команда 34-орында келеді.
Копенгагендегі кездесуден кейін алматылықтарды «Олимпиакоспен» маңызды матч күтіп тұр. Ойын 12 желтоқсанда «Астана Аренада» өтеді.