Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Forbes тізіміндегі олигарх ҚПЛ клубынан бас тартты

Сарапшы, спорт журналисі
19.11.2025, 22:22

Қазақстандық кәсіпкер, Forbes тізіміне енген Ибрагим Абдрашев «Атырау» ФК иесі атануы мүмкін еді.

фото ашық дереккөздерден алынды
Реклама
Реклама

Сатып алуға қызығушылық болды, бірақ…

Журналист Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, өткен маусымды сәтсіз өткізген «Атырау» жаңа инвесторға ие болуға жақын тұрған. Ақдырашев клубты сатып алуды шындап қарастырған, алайда барлық қаржылық және ұйымдастыру аспектілерін зерттегеннен кейін бұл идеядан толық бас тартқан.

«Атыраудың» қиын маусымы

Өткен маусым клуб үшін оңай болған жоқ. Команда Премьер-лигадан шығып қалудың басты үміткерлерінің бірі болды. Маусым соңындағы сәтті серия және чемпионаттың кеңеюінің арқасында «Атырау» небары 3 ұпаймен «Тұранды» артта қалдырып, элитада орнын сақтап қалды.

Forbes дерегінше, мұнай саласында жұмыс істейтін Ибрагим Ақдырашевтің байлығы 184 миллион доллар деп бағаланады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары