Қазақстан Ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов еуропалық топ-чемпионат клубтарының назарында.
Бұл туралы футболшының алғашқы бапкері Рахмон Устабаев ASNews порталына берген сұхбатында айтты. Устабаевтың айтуынша, Зайнутдиновтің әлеуеті Еуропада ойнауға толық жеткілікті:
«Бақтиер өзін әлі жаңа деңгейде көрсетеді. Ол ЦСКА құрамында жүргенде оған Шотландияның “Глазго Рейнджерс” клубы қызығушылық танытқан. Еуропадан әрдайым ұсыныс болады, ең бастысы — дұрыс таңдау жасау», — деді маман.
Биыл Зайнутдинов Түркияның «Бешікташ» клубынан Ресейдің «Динамо» (Мәскеу) командасына ауысқан. Ол жаңа клубында негізгі ойыншылардың бірі ретінде қарастырылып отыр.
Айта кетейік, Шотландияның «Глазго Рейнджерс» клубы — өз елінің 55 мәрте чемпионы. Сонымен бірге олар Тараз футбол мектебінің тағы бір түлегі — Ғалымжан Кенжебекке де айтарлықтай қызығушылық білдіруде.