Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық миллиардердің клубы 88-минутта жеңісті жұлып алды

Сарапшы, спорт журналисі
23.11.2025, 18:23

Ағылшын футболындағы үшінші деңгейлі дивизион — League One аясында өткен 17-тур матчында қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе иелік ететін «Уиком Уондерерс» клубы драмалық жеңіске жетті.

wwfc.com
Реклама
Реклама

Соңғы минуттағы гол

Ойынның тағдыры соңғы минуттарға дейін шиеленісті болды. Бірінші таймда «Уиком» сапында Сэм Белл дубль авторы атанды. Осылайша алаң иелері үзіліске дейін толық басымдық көрсетті. 

Екінші атймда «Линкольн Сити» жауап қайтарды. Қонақтар есепті қысқартып қана қоймай, теңестіріп те үлгерді. 64-минутта Джастин Обикуву мергендік танытса, 76-минутта Фредди Дрейпер таразы басын теңестіріп кетті. 

Ал кездесудің соңғы минутында Джек Гриммер жылдам шабуылдың нүктесін қойып, “Уиком” командасына өте маңызды үш ұпай сыйлады.

Голдың видеосын төменнен көруге болады.

Турнирлік жағдай

Бұл жеңістен кейін «Уиком Уондерерс» 23 ұпай жинап, турнирлік кестеде 10-орынға көтерілді. Ал 28 ұпайы бар «Линкольн Сити» әзірге 3-орында қалып отыр.

Еске сала кетейік, Михаил Ломтадзе 2024 жылдың мамырында клубтың 90% акциясын сатып алған болатын.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары