«Қайрат» Данияға жетті (ВИДЕО)
24.11.2025, 19:38
Алматының «Қайрат» ФК Чемпиондар лигасының 5-турындағы сырт алаңдағы ойыны үшін Дания астанасына ұшып келді.
instagram/@f.c.kairat
Алматылық клубтың Instagram парақшасында команданың Копенгаген әуежайына қонған сәті түсірілген видео жарияланды. Бейнекадрларда салқын әрі жаңбырлы ауа райы,команданың толық құрамда келгені және ұзақ үзілістен кейін сапқа оралған қорғаныстағы лидері Александр Мартыновичтің болуы көрсетілген.
Мартынович денсаулық жағдайына байланысты бірнеше матчты өткізіп алған еді. Сондықтан оның сапқа қосылуы жанкүйерлер үшін қуанышты жаңалық.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама