Вахид Масудов ҚПЛ клубын басқаруға жақын
25.11.2025, 11:28
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Вахид Масудов Талдықорғанның «Жетісу» командасының бас бапкер лауазымына үміткерлер тізіміне енді.
Вахит Масудов.
66 жастағы маманды клуб маусым соңында қызметінен кеткен Самат Смақовтың орнына басты үміткерлердің бірі деп санайды. Өткен чемпионатта «Жетісу» Премьер-Лигадағы орнын сақтап, 12-орынға табан тіреді.
2025 жылы Масудов «Алтайды» басқарды, онымен бірге Бірінші лигада үшінші орын алып, жоғарғы дивизионға шықты.
Вахид Масудов бапкерлік мансабында Қазақстанда "Қайрат", "Ақтөбе", "Тараз", "Атырау", ЦСКА, "Ордабасы", "Шахтер" секілді клубтарды басқарған. Одан бөлек тәжірибелі бапкер Қазақстан ұлттық құрамасында да бірнеше рет қызмет атқарған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама