Реклама
Реклама

Тони Кроос орденмен марапатталды

Сарапшы, спорт журналисі
28.11.2025, 09:53

Аңыз футболшы  Рыцарлық крестпен наградталды.

ua.tribuna.com

«Реал Мадридтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кроос Германияның ең жоғары марапаттарының бірі — «ФРГ алдындағы еңбегі үшін» орденінің Рыцарлық крестімен наградталды. Салтанат «Сантьяго Бернабеу» аренасында өтті.

Марапатты футболшыға Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің жеке өзі тапсырды. Салтанатты шараға сондай-ақ, «Реал» президенті — Флорентино Перес, бас бапкер — Хаби Алонсо және команда ойыншылары — Федерико Вальверде және Антонио Рюдигер қатысты.

Тони Кроостың мансабы

2024 жылы кәсіби мансабын аяқтаған Тони Кроос — Германия және әлем футболының аңыздарының бірі.

Негізгі жетістіктері:

  • 2014 жылғы әлем чемпионы
  • Чемпиондар Лигасының 5 дүркін жеңімпазы
  • Тарихта алты мәрте Клубтық Әлем Чемпионы атанған жалғыз ойыншы
  • Германия және Испания біріншіліктерінің чемпионы
  • Еуропа және әлем аренасындағы ондаған жеке және командалық наградалар иесі

Статистикасы:

  • 754 ресми матч
  • 73 гол
  • 166 нәтижелі пас
Реклама
Реклама