Чемпиондар лигасы: аптаның үздік ойыншысы анықталды
Жарнама
Жарнама
Кәрі құрлықтағы негізгі кубоктың бесінші туры аяқталды.
«Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасында аптаның үздік ойыншысы атанды.
Мадридтік клуб футболшысы Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 5-турындағы матчта «Олимпиакос» қақпасына төрт гол соқты (3:4).
Дауыс беруде екінші орынды «ПСЖ» жартылай қорғаушысы Витинья иеленді, ол «Тоттенхэм» қақпасына хет-трик жасады (5:3). Үшінші орынға «Марсель» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг орналасты, ол «Ньюкаслмен» ойында дубль авторы болды (2:1). Төртінші орынды дортмундтық «Боруссия» шабуылшысы Серу Гирасси иеленді (ол «Вильярреалға» қарсы матчта дубль жасады).
Жарнама
Жарнама