Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Қайраттың» экс-ойыншысы шетелдік клубтың спорт директоры болуға жақын

Сарапшы, спорт журналисі
01.12.2025, 13:48

Егер тараптар келісімге келсе, ол футболшы ретіндегі мансабын бірден аяқтамақ екен. 

Vesti.kz
Реклама
Реклама

Алматылық «Қайрат» клубында ойнаған қорғаушы Сергей Политевич Беларусьтің «Торпедо» клубының спорт директоры қызметіне тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады. 

Басылымның мәліметіне сәйкес, 35 жастағы Сергей Политевич аталған лауазымға тағайындалуға өте жақын. Егер тағайындау ресми түрде бекітілсе, ол кәсіби футболшы ретіндегі мансабын аяқтап, толықтай клуб құрамын жасақтауға және жаңа маусымға дайындыққа жауапты болады.

«Қайраттағы» кезеңі

Айта кетейік, Сергей Политевич Алматының «Қайрат» клубында 2018–2019 жылдары өнер көрсетті. Осы кезеңде ол команда сапында 17 матч өткізіп, қорғаныста сенімді ойнымен танылған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары