Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Бұрынғыдан төрт есе көп: "Ақтөбенің" жаңа иесі клубқа қомақты қаржы құяды

Сарапшы, спорт журналисі
01.12.2025, 15:00

Өткен маусымда ақтөбелік клубтың бюджеті 2,4 миллиард теңге құраған еді.

"Ақтөбе" ФК
Реклама
Реклама

19 қарашада «Ақтөбе» футбол клубы жеке қолға өтетіні белгілі болды. Инвестор ретінде Qazaq Stroy құрылыс компаниясының иесі Нұрлан Артықбаев болуы тиіс.

Жаңа басшылық клубтың бюджетін айтарлықтай ұлғайтуды жоспарлап отыр — алғашқы маусымның өзінде 10 млрд теңгеге дейін. Бұл команда тарихындағы ең ірі инвестициялардың бірі болуы мүмкін, деп жазады AmanVIBE телеграм-арнасы.

Салыстырмалы түрде: өткен маусымда «Ақтөбеге» бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлінген болатын. Клуб алдында чемпионат пен Қазақстан Кубогында жоғары нәтижелер көрсету, сондай-ақ халықаралық турнирлерге қатысу міндеті тұрған. Сондай-ақ легионерлердің еңбекақысын төлеуге қатысты өзгерістер жасалып жатқаны айтылған, себебі заң бойынша олардың жалақысы бюджеттен тыс қаражат есебінен төленуі тиіс.

Бұған қоса, өткен жылы спорт бағытына бөлінген қаржы төмендегідей бөлінген:

  • мини-футбол (негізгі команда) — 450 млн теңге;
  • балалар футбол орталығы — 300 млн теңге;
  • әйелдер футболы — 100 млн теңге.

«Ақтөбе» маусымды 43 ұпаймен аяқтап, ҚПЛ турнирлік кестесінде бесінші орын алды. Команда еурокубоксыз қалды және өзіне қойылған маусымдық міндеттерді орындай алмады.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары