ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Ақтөбе" келер жылы легионерлерге сенім артпақ

Жуырда облыс әкімі клуб жеке инвестордың қарамағына өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров хабарлады.

"Ақтөбе" келер жылы легионерлерге сенім артпақ
arena.olimpbet.kz

Қазақстан Премьер-лигасы алыптарының бірі — «Ақтөбе» футбол клубы жаңа маусымда құрамды жасақтау стратегиясын түбегейлі өзгертуді жоспарлап отыр. Клуб басшылығы легионерлерге басымдық беріп, «Астана» моделін қолданбақ. Бұл туралы meta-ratings.kz хабарлады. 

2026 жылғы маусымнан бастап ҚПЛ командаларына 10 шетелдік ойыншыны тіркеуге рұқсат етіледі. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында «Ақтөбе» басшылығы команданың негізгі тірегін легионерлерден құруды көздеп отыр.

Аталған басылым мәліметінше, клуб келесі жылы матчтарды 9 шетелдік және 2 қазақстандық ойыншымен бастау нұсқасын қарастыруда. Мұндай тәсілді бұған дейін «Астана» сәтті қолданған болатын.

Айта кетейік, 2025 жылғы маусымда «Ақтөбе» Премьер-лига кестесінде 43 ұпаймен 5-орынға тұрақтады. Клуб маусым барысында бірнеше ірі жеңіс пен қиын кезеңдерді бастан өткерді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.