Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Ақтөбе" жекенің қолына өтеді

Сарапшы, спорт журналисі

Облысы әкімі Асхат Шахаров Qazaq Stroy иесі клубты сатып алатынын растады. 

"Ақтөбе" жекенің қолына өтеді
fc-aktobe.kz

"Ақтөбе" футбол клубы жеке инвестордың қолына өтеді. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров хабарлады. Оның айтуынша, клубтың жаңа иесі Qazaq Stroy компаниясының иесі, жергілікті кәсіпкер Нұрлан Артықбаев болады. 

«Кәсіпкер анықталды. Бір-екі айдың ішінде жұмысты толық аяқтаймыз деп ойлаймын. Qazaq Stroy компаниясының жетекшісі клубқа қызығушылық танытты. Өзі Ақтөбеден шыққан, бала кезінде ата-анасымен стадионға барып, клубқа жанкүйер болғанын айтты. Президенттің тапсырмасын орындауға дайын екенін жеткізді», — деді Шахаров.

Әкім клубтың дамуына енді инвестор жауапты болатынын, алайда инфрақұрылым бойынша әкімдік қолдау көрсететінін атап өтті.

Келісім туралы не белгілі?

Forbes Kazakhstan-ға сенімді дереккөздердің хабарлауынша, клубтың жеке инвесторға өтуі жөніндегі келісім жасалып қойған.

Десе де, әзірге инвестиция көлемі белгісіз. Команда құрылымында қандай өзгеріс болатыны туралы да ақпар жоқ. Сонымен қатар, жатақхана салу немесе ойыншылар құрамын жаңарту мәселесі де беймәлім. 

Бұған дейін Асхат Шахаров клубтың 2025 жылдың соңына дейін толық жекешеленетінін айтқан еді, бірақ мүмкін инвестордың есімі жарияланбаған болатын.

2025 жылы жекешелендірілген клубтар

«Ақтөбе» — 2025 жылы жеке кәсіпкерлердің қолына өткен төртінші клуб:

«Қайсар» (Қызылорда)

  • Инвестор: Исламғали Қозбақов (TAU Group)
  • Инвестиция: 12 млрд теңге

«Қызыл-Жар» (Петропавл)

  • Инвестор: Сергей Кан (ЦАТЭК)
  • Жыл сайынғы инвестиция: кемінде 1 млрд теңге

«Жеңіс» (Астана)

  • Инвестор: Михаил Ломтадзе
  • Академияға жоспарланған инвестиция: 16 млрд теңге

«Ақтөбе»

  • Инвестор: Нұрлан Артықбаев
  • Инвестиция көлемі әзірге құпия

Сонымен қатар қазіргі уақытта «Шахтёр» (Қарағанды) клубын жекешелендіру мәселесі талқыланып жатыр. Қызығушылық білдірген тарап — Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов. Инвестициялар көлемі шамамен 18 млрд теңге болуы мүмкін.

Жекешелендіру процесі «Тараз», «Елімай», «Ертіс» клубтарымен де талқылануда.

Нұрлан Артықбаев кім?

  • Qazaq Stroy компаниясының негізін қалаушы және негізгі акционері
  • Алматы мен Астанада ірі тұрғын үй жобаларын салатын құрылыс холдингінің басшысы
  • 2025 жылғы Forbes Kazakhstan тізімінде 44-орын, дәулеті – 228 млн доллар
  • Компания кірісі — 313,9 млрд теңге, таза пайда — 45,7 млрд теңге
  • 2024 жылы Telecom Systems Ltd. арқылы “Қазақтелекомның” 9,84% акциясын сатып алған

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір