Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстанда "келісілген" ойын өтті ма? ҚФФ тексеріс бастады

Сарапшы, спорт журналисі

ҚФФ «Ұлытау»–«Атырау» матчына қатысты тергеу бастады.

Қазақстанда "келісілген" ойын өтті ма? ҚФФ тексеріс бастады
Сурет: ашық дереккөздерден

Қазақстан футбол федерациясының жарыстарды ұйымдастыруға жауап беретін қауіпсіздік қызметі 24-ші турдағы «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Атырау» арасындағы ҚПЛ матчына қатысты тергеу бастады, деп хабарлайды ASnews.kz.

Бірнеше дереккөздер (соның ішінде БАҚ) ойынның әділ өткеніне күмән келтірді, бұл матчта «мұнайшылар» 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Алдыңғы турларда жезқазғандық клуб қатарынан екі рет өз алаңында «Ордабасы» мен «Ақтөбеден» басым түсті. «Атырауға» қарсы ойында алаң иелері бірінші таймда 1:0 есебімен алда болды, бірақ екінші таймда бес гол жіберіп алды.

Айта кету керек, «Ұлытаудың» негізгі ойыншылары, қақпашы Дмитрий Непогодов пен әмбебап футболшы Бека Вачиберадзе ойынға қатыспады. Олардың жарақат алғандығы туралы ресми ақпарат болған жоқ. Сондай-ақ, 56-шы минутта (есеп 1:0 болған кезде) «Ұлытау» қорғаушысы Ярослав Терехов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Бұл жеңістің арқасында «Атырау» ҚПЛ-дағы орнын сақтап қалды.

ҚФФ матчты мұқият тергеп, екі команданың басшылығы мен жаттықтырушыларымен сұхбат жүргізеді.

«Ұлытаудың» директоры қызметін қазір ұлттық құрамада бас бапкердің міндетін атқарушы болып жүрген Талғат Байсуфинов атқарады және «Атыраудың» сол кездегі бас менеджері Дидар Сыдықбектің (18 қазанда «мұнайшылар» сапынан кетті) бұрынғы клубы «SD Family» бірнеше рет «күмәнді» матчтарға қатысты.

Өткен маусымда ұқсас жәйт орын алған еді

Қазақстан футбол федерациясы 16-турдағы «Тұран» мен «Қызылжар» арасындағы ҚПЛ матчына қатысты тергеу жүргізіп, петропавлдық клубқа тергеуге кедергі келтіргені үшін айыппұл салынған болатын. Сонымен қатар, матч төрешілері Георгий Чеховский мен Тимур Кумашев маусымның қалған бөлігіндегі ойындардан шеттетілді.

Бұған дейін ҚФФ президенті Марат Омаров Қазақстанда келісілген матчтардың бар екенін ашық мойындап, біздің елімізде бұл көрсеткіш бойынша әлемде төртінші орында екенін мәлімдеген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір